<- Артқа

Қосымша қызметтер

Алтыбақан

Алтыбақан — ғасырлар бойы қазақ ауылының сәні мен шаттығына айналған ең танымал ұлттық ойындар мен салттардың бірі. Алты бақанның басын қосып, мықты арқанмен тартылатын бұл алып әткеншек ежелден жастардың бас қосатын ерекше ортасы саналған. Ымырт үйіріле алтыбақан басына жиналған жастар ән шырқап, домбыра тартып, айтысып, бір-біріне деген асыл сезімдерін білдірген. Біздің фермамызда алтыбақан тебу — ұлттық рухты сезініп, таза ауада жақындарыңызбен бірге көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсерге бөленудің тамаша жолы.

Алтыбақан

Балалар мен ересектерге еркіндік сезімін, шынайы шаттық пен ұмытылмас әсер сыйлайтын ұлттық алып әткеншек.

Алтыбақанды брондаудың қажеті жоқ — фермаға келгенде еркін пайдалана аласыз.

Серуенді брондау